АУЫТҚУШЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Скачать/Жүктеу

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4

І БӨЛІМ Жетім балалардың ауытқушылық (девианттық)

мінез-құлқын зерттеудің теориялық негіздері……………………………….6

1.1 Жетім баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері………………….6

1.2 Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлық психологиялық

мәселе ретінде ……………………………………………………………………………………………19

ІІ БӨЛІМ Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеудің шарттары ……………………………………………………… …………………………………………29

2.1 Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеуде

психологиялық диагностика әдістемелерін қолдану…………………………….29

2.2 Баланың дамуы мен тәрбиелеу шартарының мониторинг әдістері……………44

ІІІ Қорытынды……………………………………………………………………………………………..70

ІУ Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….71

Ү. Қосымша…………………………………………………………………………………………………74

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы жылдары психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік психология және басқа да теориялық ғылымдарда жетім Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлықтың психологиялық мәселелрі көкейтесті болып отыр.

В.Д. Менделеевичтың еңбектерінде дәлелденген – баланың өмірлік потенциалының дамуына әсер тигізетін оның әлеуметтік ортадағы мінез құлық ерекшеліктері мен психикалық болмысы [1]

Жетім балалардың девианттық мінез құлықтың психологиялық мәселелерін зерттеген шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектеріне қысқаша талдау жасауға болады. Айталық, жетім балалардың девианттық мінез құлықтың агрессивті көрінісін зерттеген К.Бютнер [2].

Жетім балаларды балалар үйінде тәрбиелеу мәселесімен И.В.Дубровина [3], Д.Боулби [4],В.С.Мухина [5], т.б. жетім балалар үйіндегі жасөспірімдердің мінез-құлқының психологиялық дамуына көңіл аударған. Қазақстандық ғалымдар арасында жетім балалардың бойындағы мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов [6]., Л.К.Керімов [7]., К.М.Арымбаева [8]., балаларда ауытқушылық мәселелерінің теориялық және практикалық мәселелріне көңіл аударса, ал жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесімен айналысқан З.Зұбайраева [9]., т.б. Белгілі психологтар Б.Г.Ананьев [10]., А.А.Бодалев [11]., А.Н.Леонтьев [12]., Қоянбаев Ж [13]. балалардың әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктері өз биліктері мен өмірінде алатын орны айқындаған.

Жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері нақты және күрделі мәселе болып отыр.

Зерттеу мақсаты. Жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көпқырлы қиын мәселе екенін дәлелдеу және олармен жұмыс істеу барысында алдын-алу жұмыстар мен қатар психодиагностикалық жұмыстарды жүргізудің жұйесі белгілеу мен түрлі әдістемелрді ұсыну.

Зерттеу объектісі. Жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні. Күрделі процесс ретіндегі жетім балаларды девианттық міне- құлық көріністері

Зерттеудің міндеттері:

— жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықтау;

— жетім балалардың әлеуметтік дамуындағы психологиялық қиындықтарына сипаттама беру;

— жетім балаларды психологиялық — әлеуметтік алдын-алу — психологиялық мәселеле екенін дәлелдеу;

— жетім балалармен психологиялық диагностика жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдерін ұсыну

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықталып, процес ретінде сипаттама берілсе; жетім балалармен жұмыс істеу барысында олардың әлеуметтік даму сферасындағы психологиялық қиындықтар ескерілсе және психологиялық диагностика жұмыстары іске асырылса, онда әлеуметтік қоғамға, ортада толық жеке тұлғалық қасиеттері бар азамат орын табар еді.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім тұралы заңдары, балалар құқығы тұралы заңы, балалар құқығы тұралы конвенция, оқу-әдістемелік құралдар, философия, психология, педагогика, әлеуметтік психология білім, даму негіздері туралы ғылыми еңбектер.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықтаудың психологиялық сипаты мен жетім балалардың әлеуметтік дамуының психологиялық мәселелері; жетім балаларды психологиялық диагностика; жетім балалармен мониторинг жүргізудің жұйесі мен бағдарлмасы.

АУЫТҚУШЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

Ермекбаева Феруза Тулеуовна,
№92 қазақ гимназиясының әлеуметтік педагогі

Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өміріндегі жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп-тамырымен өзгертеді.

Көп жағдайларда мінез-құлықтағы қиындық 6-8 сынып оқушыларында, яғни жасөспірімдік кезеңге өткенде, әсіресе ұл балаларда байқала бастайды. Кейінгі кездерде мінез-құлқы қиын балалар бастауыш сынып оқушыларында да көп кездеседі.

«Қиын бала» атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.

Ауытқушы (девианттық) мінез-құлықдеп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – бұл анық немесе жасырын психопатологияның (патологиялық) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі — бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.

С.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.

1.Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.

2.Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау).

3.Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау). Осылайша (мазмұнымен де, мақсатқа бағытталғандығымен де) ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға дейін.

Асоциалдық көріністер сыртқы мінез-құлық жағынан ғана емес, мінез-құлықты іштей реттеудің: әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі бағалай алудың деформациясынан да байқалады.

Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп оның өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз (ата-аналарының, мұғалімдерінің, қоғамның). Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ, болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды, осы мінез-құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауіп төндіреді.

Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

Оларды мынадай топтарға бөлуге болады: итермелеуші жағдайлармен туындаған жағдаяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және жағымсыз өмір ахуалдарымен және іс-әрекеттермен негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары.

Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп барып көрінеді немесе бірден шарт кетуге алып келеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп қалуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көріну нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым қандай да бір психологиялық ахуалға жауап ретінде туындайды да, оның жойылумен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.


3611963573793879.html
3612002315116809.html
    PR.RU™