VІ Тарау. Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетін карантинді объектілер

Жатаған (қызғылт) укекіре – Acroptilon repens (L)

Ақкекіре тұқымдасына (Astezaccae) жатады. Қазақстанның барлық аумағында таралған, 1749 мың гектар жерді ластайды. Жатаған укекіре өсімдігі түкпен қапталған, сабағы тік қырлы, бұтақты жапырақтары өте қалың, биіктігі 20 – 40 см шамасында (12 – сурет). Төмендегі жапырақтары тілінген немесе жоғары жақтары – бүтіндеу.Себеттері даралы, жұмырлы, бұтақтардың ұшында орналасқан. Гүлдері екі жынысты, түтікшелі қызыл – қызғылт гүл күлтесімен. Бір өсімдік 700 себет, әр себеттің ішінде 2 – 26 дейін тұқымшалар дамиды.Жылына 400 мм жауын – шашын, өте қуан жылы климат жағдайында жатаған укекіре тез таралып кетеді.

Карантиндік тексеруде укекіре себеттері бидай дәндерінің, зығыр, сераделла тұқымдарының арасында кездеседі. Астық дақылдарының дәндерімен, шөптермен, пшендермен және сумен таралуы мүмкін.

5 – сурет. Жатаған укекіре.

Жатаған укекіре көпжылдық арамшөптерге жатады. Тұқымдарымен және атпатамырымен көбейеді. Тұқымымен көбеюдің карантиндік маңызы ерекше. Тұқымдары 3 – 4 жылдан соң тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Өніп шығуы үшін олар көп ылғал және жоғары температураны талап етеді. Укекіре 2,0 – 3,5 см өскін беруі мүмкін, сол үшін жерді жыртқанда тереңге түскен көп тұқымдар бетіне шыға алмастан қырылып қалады. Өте көбейіп кеткен жерлерде 1м2 – ден 400 – ге дейін укекіре сабақтары болуы мүмкін.Бұндай кезең өте қиын жағдайларды туғызады. Ыңғайсыздық әсіресе ылғалдылық тапшылығында укекіре бірнеше жыл тыныштық күйінде бола алады. Укекіре мамыр – маусым айларында гүлдейді, маусым шілде айларында жеміс салады. Астық ору науқанына дейін у кекіренің тұқымдары жетіледі.

Барлық егістерді бақтарды, шабынды, жайылма жерлерді ластайды. Жол, канал бойларында көптеп кездеседі. Арамшөптердің арасында жатаған у кекіре ең көп зиян келтіретін, онымен күресу жолдары күрделі болып есептеледі. Укекіре қалың өсетін жерлерде дақылдар дамымастан құрып кетуі мүмкін. Себептердің бірі ылғалдылықтың тапшылығына, екіншісі дақылдардың укекіре шығаратын токсиндермен байланысты.

6 – сурет. Химиялық өңдеуден кейін

Карантиндік және күрес шаралары:

1) Керекті ауыспалы егістер және топырақ өңдеу жүйесін қолдау;

2) Сүрі танапты дұрыс өңдеу;

3) Сүрі танап – күздік қара бидай – сүрі танап – күздік бидай – күздік қара бидай ауыспалы егіс сұлбасын қолдау.

Астық егістерінде 2,4 Д 40 % с.е.к амин тұзын (1,5 – 2,5 кг/га), 32,1 %

бутил эфирімен (1,0 – 1,6 кг/га түптену кезеңінде бүрку. Сүрі танаптарда 50 % ураган форте л/га, 36 % буран (6кг/га) [8].

Арамсояу (Cuscuta spp)

Арамсояулар Иран, Қытай, Ресей, Үндістан, Орта Азия т.б мемлекеттерде таралған. Қазақстанда 170 мың гектар жерді алып жатыр. Дүние жүзінде арамсояулардың 274 түрі анықталған. ТМД елдерінде 36 түрі өседі, солардың арасында 13 түрі кең тараған: дала, оңтүстік, жоңышқа, қытай, жіңішке зығыр, европа, лемана т.б түрлері.

Арамсояулар – тоғышар өсімдіктерге жатады (14, 15 – суреттер). Олар фотосинтезге қабілетін жоғалтқан мәдени дақылдарға сорғыштарымен жабысады да, солардың пластикалық заттарымен қоректенеді. Арамсояулардың тамырлары және жапырақтары болмайды. Гүлдену кезінде сабағында қалың шық түрінде ұсақ гүлдер орналасады. Жемісі қауашық, әрбір қауашықтың ішінде 1 – 4 тұқым жатады. Тұқымы жұмырлы немесе бұрышты пішінді, екі қабырғасы жалпақ болады. Тұқымның үсті бұдырлы.

Арамсояу көбінесе қосжарнақты шөптерді ұнатады. Астық өсімдіктері арамсояуға төзімді болып есептеледі. Арамсояулардың бір тобы тіршілігін бұта және ағаштарда өткізеді.

7 – сурет. Арамсояу

Арамсояулар тұқымдары және сабақ бөліктерімен көбеюі мүмкін. Көбінесе олар басқа дақылдар тұқымдарымен, көшеттерімен, көліктермен, көңмен, жануарлармен, құстармен, желмен т.б жолдармен таралады.

Арамсояулар өте көп зиян келтіреді. Зақымдалған дақылдардың өсуі кешігеді, олар сарғайып қурайды. Орта Азия республикаларында армсояумен залалданған жоңышқа, беделердің тұқым өнімі 50 % - ға дейін төмендейді.

8 – сурет. Арамсояу

Кенеп, зығыр, темекі, қызылша және көкөніс егістері арамсояулармен көп ластанады. Арамсояулардың құрамындағы көп мөлшерде болған кускудин және кусталин алколоидтары азықтанған малдардың улануына алып келуі мүмкін.

Карантиндік және күрес шаралары.Танаптарды арамсояулардан тазалау үшін кешенді шаралар қолдау қажет:

1) Себудің алдында тұқымдарды мұқият түрде тазалау;

2) Танаптарға жалғыз жақсы шіріген көңді енгізу;

3) Ауыспалы егістерде арамсояуларға төзімді: астық күнбағыс т.б дақылдарды өсіру;

4) Арамсояулармен ластанған танаптарда малды жоюға тыйым салу;


3435315885668099.html
3435382023523646.html
    PR.RU™